Статистика блога
195
Записей
3268
Обращений
143199
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Тіл бар жерде-ұлт бар... 

Федоров ауданы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін түсіндіру және ілгерілету бойынша желілік іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық ақпараттық –түсіндіру тобының мүшелері 2018 жылғы 10 қыркүйек күні «Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мәншүк Мәметова атындағы №4 орта мектебі» КММ мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тыңдаушыларға қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен ғылыми негіздерін түсіндірді және «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен таныстырды. «Айтпаса, сөздің атасы өледі» демекші, кездесу соңында тыңдаушылар өздерінің ашық азаматтық көзқарастарын білдірді. Айтылған пікірлер әртүрлі мән-мағынаға толы болды деуге болады.Бірақ, тілімізді сақтап қалу және ағылшын тіліне жақындау үшін латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшу шешімі салалы да салмақты екендігін бірауыздан мойындады.

Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Тапелов Тұрар

Отправить письмом