Официальный Интернет-ресурс Акимата Федоровского района
Блог статистикасы
140
Blog
2090
Апелляциялық
77593
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)

Туризм

Федоров ауданында турист саласын дамыту

 

Аудан аймағы бойынша шағын Уй, Тоғызақ өзендері ағады. Оның солтүстік жағы көп жылғалармен ұлғайады, олар жаңбыр тасқындары және көктемгі су тасқындарымен толады. Ыстық жаздың келуімен судың құрғауына байланысты зеңге айналады. Ауданның әрбір бұрышында шағын көлдер бар, бірақ көбі орталық және оңтүстік бөліміне жатады. Біраз су қоймалары жайпақ жағалы сопақ көрінісі болады және қоректі жауын – шашыннан алады. Неғұрлым судың мол болуы көктем айында. Көлдің негізгі бөлігі тұщы су қоймаларына жатады, егінді суаруға, техникалық қажетке және халықты сумен қамтамасыз етуге пайдалынады. Ең ірісі Жақсы-Жаркөль, Үлкен Қоскөль, Тоқтас, Джулджурган болып табылады. Туризмді дамыту үшін аудан үлкен емес мүмкіндікпен иеленеді. Оның аумағында азын – аулақ туристикалық объектілер бар, соның ішінде жеке кемпинг 5 нөмірлі «Ковтун И.В.» ЖК, Федоров селосының орталығында қонақ үй «Заит» 7 нөмірлі, балалар үшін сауықтыру лагері «Лесной уют», Трактов селосының жанында тұзды көлдің жағасында орналасқан.
Федоров ауданында туризм қызық оқиғалы бағытта ұсынылған. Туристер мен балық аулаушылар үшін Тоқтас көлі қызығушылық тудырады, жалпы алаңы 1200 га. орналасқан жері Баннов селосында. Осы көл «Джаркульский элеватор» АҚ жерінде ұзақ мерзімге пайдалануға берілген. Кәсіпорын жыл сайын осы көлді балықтандыру бойынша іс шаралар жүргізіп отырады балықтың мынадай түрлеріне: шортан, тұқы, сазан, қара балық. Жыл бойы осында балық аулауға көрші Рессейден балықшылар келеді, сондай – ақ жергілікті өңір халықтары.
Сондай – ақ ауданда Пейнтбольный клуб қызмет етуде Федоров с. аумағында орналасқан, ұйымдастырушы «Пужанский Н.В.» ЖК 2014 жылдың аяғында бастаған. Жалпы ойын алаңы 0,37 га. құрайды. Алаң қоршалған, ағаштармен жақсартылған және ойын үшін басқада жабдықтармен – жасырулар жабдықталған. Пейнтбол – бұл өзіндік туризм, көңілді жолдастардың компаниясы үшін зардапсыз көңілді ойын.

 



Отправить письмом
E-mail