Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112429
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

Қош келдің,  Жаңа Жыл!

Жаңа жыл  ең қуанышты және асыға күтетін мереке. Әрбір адам жаңа жылдан жақсылықтар күтеді. Бұл мерекені әсіресе балалар асыға күтеді. Өйткені оларға Аяз Ата сыйлық береді. 2017 жылғы 29 желтоқсанда «Иволга» мәдениет үйінде мүгедек балаларға, көпбалалы отбасының балаларына және аз қамтылған отбасының балаларына арналған мерекелік концерт өтті. Мерекенің мақсаты балаларға жыл басы, қызықты және думанды  мереке туралы түсінік беру.  Жақындарына деген мейірімділікті, бір-біріне қуаныш сыйлау, алғыс айту сезімдерін қалыптастыру.

Пешков орта мектебінің оқушылары дайындаған мерекелік қойылым өте қызықты болды. Олармен бірге ертегі кейіпкерлері ән айтып би биледі: аққала, ергежейлі, қар ұлпасы, ақшақар тағы басқа да ертегі кейіпкерлері. Балалар Аяз Атаға тақпақ айтып, тәтті сыйлықтар алды. Ортаға Аяз Ата келгенде жас бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Жаңа жылдық мерекеде ата-аналар, балалар және қонақтар ерекше көтеріңкі көңіл күйде болды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтіп, бәрінің көңілінен шықты.

хат жіберу