Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106827
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 13 Июля 2017

Алдағы сайлау қарсаңында

Алдағы сайлау қарсаңында

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi.
2017 жылғы 12 шілдеде Лесное ауылындағы клубта Федоров ауданы әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары А.С. Кашиевтің қатысуымен Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиналысы өткізіліп, оның күн тәртібінде Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткерлер ұсынылды. Азамат Совхозбаевич екі үміткерді ұсынды, олар: Қоржынкөл ауылдық округінің қазіргі әкімі – Абдурахманов Ердан Сабырбекұлы мен «Федоров ветеринариялық станциясы» МКК директорының міндетін атқарушы – Қыстаубаев Нұрлан Қадырұлы.
Кездесу барысында Кашиев А.С. жергілікті қоғамдастық өкілдеріне ауылдық округ әкіміне үміткерлер Абдурахманов Е.С., Қыстаубаев Н.Қ. таныстырып, қатысушыларды олардың өмірбаянымен таныстырып өтті.
Жергілікті қоғамдастық өкілдері Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткерлерге бір ауыздан дауыс берді.
Кездесу соңында Кашиев Азамат Совхозбайұлы жиынды қорытындылап, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Ауылдық округ әкімінің сайлауы 2017 жылғы 16 тамызға белгіленді.

 







хат жіберу