Блог статистикасы
196
Жазбалар
2623
Өтініштер
117269
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тұрмысы жайсыз отбасылар бойынша рейд өтті

8 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Федоров аудандық филиалы Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің қамқорлық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi органымен бірлесе отырып «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында тұрмысы жайсыз отбасылардың тұру жағдайларын біліп алу мәселесі бойынша осы отбасылар бойынша рейд жүргізді.
Осындай рейдтер жүйелі түрде өткізілгендіктен бұл отбасыларға келетін «қонақтар» күтпеген болып қалмай, керісінше үйлерге таныс адамдар сияқты кіре алады. Осындай келулер нәтижесінде ата-аналар өз өмірлік жағдайын өзгертуге тырыса бастайды. Іс-шара барысында жұмыс тобы Сентябовтар, Шеремет, Исмаиловтар және Лихопуд отбасыларға кіріп шықты.
– Тұрмысы жайсыз отбасылардың басты мәселесі олардың әлеуметтік жәрдемақылар есебіен өмір сүруге үйреніп қалғаны, сонымен қатар, есепке алынған отбасылардың көбі – көп балалы жалғызбасты аналар. Олар көп мөлшерлі жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алып, жұмыс істеуден бас тартады да, ал үйде отырып ішімдікке салынып кетеді. Біздің басты міндет – осындай рейдтер барысында тұрмысы жайсыз отбасылар бос уақытты қалай өткізетінін, балалар немен айналысатынын және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру, – деді Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің қамқорлық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi органының әдіскері Виктор Александрович Малышев.
Жұмыс тобының мүшелері мен профилактика субъектілері рейдтер жүйелі түрде өткізілсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне кәміл сенеді.

А. ТАЛТЫКЕЕВА

хат жіберу