Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138657
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Бақыт құсы қонатын ашық алақан!»

22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Федоров ауданында І аудандық «Бақыт құсы» аудандық фестивалі бастау алды. Бұл фестивалдің ерекшелігі – денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады. Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Аталмыш фестиваль ауданымызда «Федоров аудандық мүгедектер қауымдастығы» АҰ, «Нұр Отан» партиясы» ҚҰ Федоров аудандық филиалының қолдауымен бірінші рет өткізілуде. Фестивальдің мақсаты – Федоров ауданының аумағында тұратын денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық әлеуетін және әлеуметтенуін қолдау үшін жағдай жасау.
Фестивальдің мақсатты аудиториясы – 3-тен 18 жасқа дейінгі денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалар. Осы фестивалдің аясында ДМШ балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау үшін, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қырларын дамыту, олардың шығармашылық және әлеуметік әлеуетін қолдану, денсаулығында шектеуі бар балаларды қолдау.
Фестиваль үш кезеңде өтеді. Бірінші «Менің әуестігімнің әлемі» кезеңі қашықтықтан 2018 жылдың 22 қаңтарынан 28 ақпаны аралығында шығармашылық жұмыстардың парады түрінде мына номинациялар бойынша: «Көркем сурет өнері» номинациясы «Астана – бейбітшілік пен ілгерілеу қаласы» тақырыбында, «Қолөнер» номинациясы (шығармашылық жұмыстар) «Бар әлемді безендірем» тақырыбында өтеді. Қатысушылар өз қолымен жасаған, көркем өнер және қолөнер дәстүрлері бойынша түрлі материалдардан жасалған әзірлемелер ұсына алады: тұзды қамырдан, гипстен жасалған, өңделген ағаш (ою, көркем жазу), көркемделген маталар (гобелен, жазу және күйдіру, жібек матаға сурет салу), ойыншықтар, былғарыны көркемдеп өңдеу, киім тігу, тоқыма, папье-машеден тігу, фото жұмыстары және басқалары қабылданады.
Фестивальдің екінші кезеңі 27-29 наурыз аралығында «Біз бәрін жасай аламыз» атты шығармашылық фестивалі түрінде Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров балалар өнер мектебі» МКҚК аясында концерт залында өтеді. Қатысушылар өздерін хореография, аспапта орындау, вокал, өзіндік жанр номинацияларында көрсете алады.
Фестивальдің үшінші кезеңі – Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров балалар өнер мектебі» МКҚК концерт залында «Жүрегіміздің пернелері» гала-концерті түрінде 2018 жылдың 12-13 сәуіінде өтеді. Гала концертте «Бақыт құсы» І аудандық фестивалінің алдыңғы кезеңдерінің жеңімпаздары марапатталады.
Фестиваль барлықтарыңыз үшін, әсіресе денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үлкен мерекеге айналытынына сенеміз. Фестивальдің барлық  қатысушыларына табыс пен жеңіс тілейміз!

Федоров ауданы әкімдігінің
«Федоров балалар өнер мектебі» МКҚК
директоры МКҚК
К.В. Исенгазина


хат жіберу