Блог статистикасы
195
Жазбалар
3602
Өтініштер
152785
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Латын әліпбиі - биік белестердің бастауы

Елбасы Н. Назарбаев 2017 жылдың 26 қазаны күні қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.Осы тапсырмаға сай жер – жерде, ел-елде түсіндіру жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр.Ел болып еңсе көтергелі, талай биік белестерді бағындырып, тар жол тайғақ кешуде абыроймен өтіп келе жатқанымыз бар әлемге белгілі.
Жаңа әліпбиге көшу – Рухани Тәуелсіздікке жасалған зор қадам болмақ! 
Осы түсіндіру жұмыстарына байланысты 2018 жылғы 10 қаңтарда   «Балдырған» МҚКК бөбекжай бақшасының қызметкерлерімен  әңгімелесу  өтті.Түсіндіру барысында латын әліпбидің нұсқасы және ондағы ерекшеліктер көрсетілді.Қатысушылар өздерінің ойларымен бөлісті.Сондай – ақ жаңа әліпбимен тапсырмалар орындап көрді.
Бәріміз бір жұдырықтай бірігіп, еңсе көтеріп, еркін рухтағы әліпбиімізді өмірге енгізуде еңбек етуіміз керек!

Тапелов Т.Ж
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

 

хат жіберу