Блог статистикасы
195
Жазбалар
3268
Өтініштер
143044
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.
Осы орайда «Воронеж орта мектебі» КММ қабырғасында аталған мектеп ұжымы мен Воронеж ауылдық әкімі аппараты ұжымы арасында 27 желтоқсан күні «Бәйге» деген тақырыпта сайыс өткізілді. Сайыс барысында топтар өздерінің мемлекеттік тіл – қазақ тілі бойынша білімдерін ортаға салды. Сайыс блиц-сұрақтарға жауап беруден басталды. Екінші тапсырмада топтар өздері қалаған тақырыпты таңдап, монолог құрастырды. Оларға «Менің отбасым», «Менің мамандығым», «Қазақстан», «Рәміздер» деген тақырыптар ұсынылды. Ал келесі тапсырма топтар арасында қызықты тартысты тудырды. Бұл – берілген «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» деген сөзден бірнеше сөздер тауып, жазу. Соңғы тапсырмада әр қатысушы өз атын латын қарпімен жазуға тырысу.
Сайыс қорытындысы бойынша «Жастар» тобы жеңіске жетті.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі                      Әбдуахитова Г.Ә.

хат жіберу