Блог статистикасы
196
Жазбалар
2675
Өтініштер
127856
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Мақала жарық көрген күннен бастап осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты айтылғаны белгілі. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да нақты   шаралар жүзеге асырылып келеді. Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу. Қазақ тілі сабағында 3 сынып оқушылары  шағын мәтіндерді, өлеңдерді  латын әліпбиін қолданып, өз бетінше  көшірме жұмыс жасады. Үй тапсырмасын тексеру кезінде, жаттап келген сөздерді  қазақша жатқа айтып,  тақтаға  латын әліпбиі  арқылы сөздерді  жазады.  Осындай ерекше үй тапсырмасын тексеру, ұйымдастыру кезеңін оқушыларым қызық көреді.  Толық қолдану үшін осы мақсатқа жету үшін үлкен ізденіс, мол еңбек қажет. Біз бірге көп  жұмыс жасауға дайынбыз, бәріне күш-жігеріміздің жететініне сенім артуымыз керек.

 

Пешков орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Ералина Д.К.

хат жіберу