Блог статистикасы
184
Blog
2449
Апелляциялық
96667
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 19 Мая 2017

Округ дамып келеді

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысын дайындау барысында 16 мамырда «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция мүшелері Валеев Р.Г., Пужанский Н.В. және Решетникова Т.Н. Первомай ауылдық округіне «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны әрі қарай дамыту жолдары» мәселесін қарастыру мақсатымен барды.
Жұмыс сапары барысында депутаттар округтің әлеуметтік объектілерін аралады, округтің әлеуметтік саласымен, оның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты.
Округтің ауылдық кітапханасы әкім аппараты ғимаратында орналасқан. Кітап қоры 10345 кітаптан тұрады, әрдайым жаңартылады. Кітапханада абонемент те, оқырмандар залы да бар. Кітапханашы Олеся Владимировна Сибекинаның айтуы бойынша, кітапханаға 405 оқырман келеді. Интернеттің жоқтығы аса күрделі проблема болып табылады.
Округтің фельдшерлік-акушерлік пунктінде қызметкерлер штаты құрамдалған. Округтің 868 тұрғыны тіркелген. Халықты скринингтік тексеру толық көлемде жүргізіліп жатыр. Екпеден бас тартқандар жоқ. Медициналық мекеменің үй-жайлары талапқа сай келеді, дегенмен, жабын, кіре беріс жөндеуді қажет етеді, терезелер мен линолеумді ауыстыру керек, сондай-ақ мекемені мүмкіндігі шектеулі адамдардың мұқтажына бейімдеу қажет.
Бірде-бір округте ұқсасы жоқ спорт залы округтің мақтанышы болып табылады. Ол жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда округтің кез келген жастағы тұрғындары спортпен айналысады. Былтырғы жылы спорт залында ағымдағы жөндеу жүргізілді, терезелері ауыстырылды, дегенмен, еденді де ауыстыру қажет.
Первомай орта мектебі жөндеуді қажет ететін үлгілік ғимаратта орналасқан, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары 2000 жылдардың басында жүргізілді. Терезе блоктарын ауыстыру керек. Мектеп шеберханалары жеке ғимаратта орналасқан, жылыту жүйесіне монтаж жүргізу қажет. Бұдан басқа, мектептің жылыту жүйесіне де жөндеу жүргізу қажет. Педагогикалық кадрлармен қамсыздандыруға келетін болсақ, мұнда үш маман жетіспейді: математика, бастауыш сынып және қазақ тілі мұғалімдері. Оқушылар саны 100 баланы құрайды және  мектепке дейінгі даярлық сыныбының 14 тәрбиеленушісі бар, болашақта оқушылар санының өсуі күтілуде 108 (2017-2018), 112 (2018-2019), 124 (2019-2020). Мәселелермен танысу барысында орыс тілі мұғалімі Надежда Николаевна Ивановамен және физика мұғалімі Рауан Серикович Бейсембаевпен тұрғын үй сатып алуға кредиттерді алу проблемасы анықталды. Жағдайды айқындау және шешу жолдарын табу жөнінде ауданның экономика және қаржы бөлімімен жұмыс жүргізіледі.
Депутаттар «Журавушка» балабақшасына да барып қайтты. Сапар кезінде балабақшаның 40 бала баратын екі тобында 25 бала ғана болды. Тәрбиешілердің айтуы бойынша, балалар балабақшаға қызығушылықпен келеді және балабақшаға келу мәселе туындамайды. Мекеме үй-жайларының жағдайы жақсы, жазғы кезеңде ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
Первомай ауылдық округінің демалыс орталығы З.А. Борзенконың басқаруымен өткізілетін мәдени-демалыс қызметі деңгейі бойынша ауданда бұрыннан алдынғы қатарда тұр. Бұл орталық ғимаратына кірген сәттен көрінеді. Орталықтың үй-жайлары айдарлар мен бөлімдерге сәйкес рәсімделген, көрермендер залы, шағын мұражайы, ұлттық орталықтары бар. Ғимарат кең, құрғак және жылы. Мұндағы жұмыс жүйелік негізінде өтеді. Штатта мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор және хореограф, соңдай-ақ от жағушылары да бар. 40 адамнан артық  қатысушысы бар көркем ұжымдар жұмыс істейді.
Округ өзі туралы оң әсер қалдырды, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі, көшелер мен аулалар тазаланған. Округ дамып келеді және ең өзекті мәселе – Федоров-Первомай жолдарын жөндеу оң шешімін табатынына сенімді, ал бұл болса, округтің әрі қарай дамуына түрткі болады.

Р. ВАЛЕЕВ

хат жіберу
E-mail