Блог статистикасы
196
Blog
2543
Апелляциялық
107230
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өңір жаңалықтары

2017 жылғы 17 мамырда Қосарал ауылдық округінің аумағында орман және дала өртімен байланысты трансшекаралық төтенше жағдай туындау қаупі кезінде жедел топтардың өзара іс-қимылы мен жұмыстарын ұйымдастыру бойынша командалық штаб оқулары өтті. Оқуларға Ресей Федерациясы қызметтерімен бірлесе отырып, Төтенше жағдай министрлігінің, Өрт қызметінің қызметкерлері қатысты.
Оқуларға Федоров ауылдық округінің «Димитров атындағы № 1 орта мектебі» КММ оқушылары шақырылды. Олар адамдарды құтқару бойынша төтенше жағдайларда қызметкерлердің іс-қимылын өз көздерімен көрді.
Осы іс-шараның қорытындылары бойынша кейбір оқушылар осы кәсіптің қыр-сырымен танысып, өз өмірін адам құтқаруымен байланыстыруды шешті.
Сондай-ақ Федоров ауылдық округінің «Димитров атындағы № 1 орта мектебі» КММ оқушылары Жыланды және Кеңарал ауылдарында болып қайтты, бұлақ, ҰОс ардагерлеріне ескерткішті, Үй мен Тоғызақ өзендерін және қарағай орманын көрді. Олар үйлеріне оң әсер алып оралды.

        




хат жіберу