Блог статистикасы
196
Жазбалар
2623
Өтініштер
117269
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Федоров ауылдық округіндегі «Денсаулық шаңғы жолы - 2018»

2018 жылғы 10 ақпанда Федоров ауылдық округінде «Денсаулық шаңғы жолы – 2018» ХІІ аудандық шаңғы спорты фестивалінің 1 кезеңі өтті. Оған мектеп, колледж оқушылары мен округ тұрғындары, барлығы 50 астам адам қатысты.

Салтанатты ашылуда Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Умертаев жарысқа қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі, ол спортшыларға сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және жеңіс тіледі.

Аудандық Фестивальдің 1 кезеңін өткізудегі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерімен айналысуға тарту және 17 ақпанда өтетін Фестивальдің 2 кезеңіне қатысу үшін мықты спортшыларды іріктеу.

Шаңғы фестивалі ерлер мен әйелдер арасында 5 жас мөлшердегі топтар бойынша өтті. Сондай-ақ 7 команда катысты – бұл № 1 ОМ, № 2 ОМ, № 4 ОМ, Владыкин НМ, Ауылшаруашылық колледжі, Қазақтелеком және ОАА ұжымдары.

Жалпыкомандалық жүлделі орынға ие болғандар: 1 орын – ОАА, 2 орын - № 1 ОМ, 3 орын – Қазақтелеком.

Шаңғы спорты фестивалінің салтанатты жабылуы кезінде барлық жас мөлшердегі топтар бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды, 1 және 2 орынға ие болған спортшылар Федоров ауылдық округі командасының құрамына кірді.

«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Фестивальді ұйымдастыру және өткізудегі көмегі үшін № 4 ОМ директоры С.И. Пискунге және мектеп қызметкерлеріне, БЖСМ жаттықтырушылары Д.С. Нұрпейісовке, И.Н. Коваленкоға және спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен АІІБ, ОАА, ӨБ-20 өкілдеріне алғысын білдіреді.

Бас маман

Ю. Гринак

хат жіберу