Блог статистикасы
196
Жазбалар
2623
Өтініштер
117269
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 15 мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

2) «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»;

3) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

4) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

5) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің
және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының
қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

6) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

7) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

8) «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу»;

9) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

10) «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау»;

11) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

12) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

13) «Ақталған адамға куәлік беру»;

14) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

15) «Тұрғын үй көмегін тағайындау».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров а., Красноармейская көшесі, 53 мекенжайы бойынша, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, тамақтануға үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі, байланыс телефондары 21301, 21996, 22574.Электрондық пошта: fedsots@mail.ru

хат жіберу