Блог статистикасы
196
Жазбалар
2752
Өтініштер
132326
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жаңа жылдық шырша шаттығы

Жаңа жылдық шырша шаттығы

Тауық жылы да тез өте шықты. 2018 ит жылын қарсы алу қарсаңында  Федоров ауданы әкімдігінің Пешков  ауылындағы «Аленушка» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мектепке дейінгі ұйымында жаңа жылдық мерекелік іс-шара  өтті. Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке.

Мереке қарсаңында «Ясли-бақшада» қысқы ертегінің сиқырын күтуде ерекше қуанышты атмосфера болды. Мерекені  есте қалдыру мақсатында оған ертерек дайындық жұмыстары жүргізілді. Біздің балабақшаның қызметкерлерінің  күшімен және ата-аналардың көмегімен ясли-бақша құлпырып кетті: түрлі түсті мишуралар және қар ұлпалары, жұлдызшалар және ойыншықтар топтар мен фойені жарқыратып жіберді. Қызылды-жасылды шамдары жар­қылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар көтеріңкі көңіл күйде болды.

«Қысқы ертегілер» байқауы аясында  түрлі жаңа жылдық подделкалар дайындау кезінде ата-аналар зор щығармашылықты және фантазияны көрсетті.

Байқауға қатысқан барлық ата-аналар грамоталармен марапатталды.

Мерекенің қорытынды  іс-шарасын өткізетін музыка залында  шырша безендірілді. Балалар өлеңдер, тақпақтар  жаттап, би үйреніп жаңа жылдық мерекеге ерекше дайындалып, мерекені асыға күтті.

28 желтоқсанда балабақшада «Жаңа жылдық шырша шаттығы» жаңа жылдық қойылым өтті. Барлық балалар жаңа жылдық костюммен келді. Олар шыршаны айнала ән айтып, би билеп  Аяз ата мен Ақ­шақар­ға өз өнерлерін көрсетті.  Бүлдіршіндер  қар ұлпасы, қоян, аю, түлкі, әтеш, ханшайым және ит болып киінген. Әсем көріктен­діріл­ген,  сәулелері жарқыраған залда балалар Ақша қармен, Аққаламен,  сүйікті ертегі кейіпкерлері –Жалмауыз кемпірмен және Лешим, түлкі және жыл символы итпен кездесті. Ән шырқап, би биледі. Аяз атаға жаттаған тақпақтарын айтып, ән шырқап, Аяз атадан жаңа жылдық сыйлық алды.

Балалармен бірге ата-аналарда көтеріңкі  көңіл күйде болды. Іс-шаралар өте көңілді өтті. Балалар барлық конкурстарға шын ынта ниеттерімен қатысты, ал тәрбиешілер нағыз әртістер сияқты түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналды. Әсіресе 2  төменгі  және  ортаңғы топтағы ата-аналардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Олар жаңа жылдық қойылымға  белсене қатысты. Ортаңғы  топтың ата-аналары Ақша қар  және  Аяз Ата: Семак Лидия және Семак Иван және 2 төмен топтың ата –анасы Класс Иван Аяз Ата рөлін сомдады.

Мейрам аяқталды және оған қатысушылар өте қанағаттанған сезімде болды. Біз балалар мен ата-аналар бұл мейрамды ұзақ уақыт ұмытпайтынына және келесі Жаңа жылды асыға күтетіндігіне сенімдіміз.

хат жіберу