Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
106985
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Июля 2017

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы

Жаңа Заң бойынша прокуратура тексеру санын күрт азайтады. Енді прокурорлар мемлекеттік органдарда тексеруді тек Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасы Бас прокуроры тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады.
Прокурорлардың мемлекеттік органдар қызметін тексеруге бастамашылық құқығы үш жағдайда ғана болады:
бірінші - егер адам өзін өзі қорғай аламаса, мұндайларға жетім балалар, мүгедек балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, іс-әрекетке қабілетсіздер жатады;
екінші — шексіз жұртшылық құқықтары бұзылғанда, яғни кімнің құқығы бұзылғанын алдын-ала санауға және жеке анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда;
үшінші — адам өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдарлар қаупі пайда болған жағдайда.
Өтініштерді қарау принципі де өзгереді. Бұрын прокуратурада барлық өтініштер қабылданатын және тіркелетін. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінуі, қажетті жағдайда - жоғары инстанцияға жетуі керек, егер шағым бойынша мемлекеттік органның жұмысына риза болмаса – сотқа жүгінуі қажет.
Бұған өзін өзі қорғай алмайтындар (жоғарыда көрсетілген санаттар), шексіз жұртшылық мүддесіндегі жүгінулер және адам өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдарлар қаупі, сонымен қатар ел қауіпсіздігі қаупі кірмейді.
Өз кезегінде мемлекеттік органдар азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қамтамасыз ету қажет.

Қостанай облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

хат жіберу