Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153596
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ереже

«Федоров ауданы әкiмiнің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер 

1. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық   қатынастарға өз атынан қатысады.

5. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының  лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы Федоров ауылы Калинин көшесі 53.

9. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы: «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

«Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі және жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісмен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.

10. Осы Ереже «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Федоров ауданы әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
 

13. Миссиясы: аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

14. Мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттiк егемендiктi, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту,  Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын іске асыру; 

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік және экономикалық процестерін басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы органдардың барлық органдарының келісіліп қызмет етуді қамтамасыз ету;

3) заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың құқықтық санасын және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

4)  ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуын, азаматтардың құқығын қорғау олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мәселесі бойынша аудандық мәслихатпен өзара әрекет ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттері.

15. Функциялары:

1) аппараттың жұмысын, әкімдік отырысын өткізуді, отырыстар, семинарлар мен басқа да іс-шараларын өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығын және өткізуін ұйымдастырады;

2) әкімдіктің қаулыларының жобаларын және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

4) заңнамаларды сақтамау, анықталған бұзушылықтарды  жою бойынша шара қолдану;

5) аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты жергілікті басқару органдарының қызметкерлерін кәсіптік дайындығы деңгейін, кадрлар саясаты мен мемлекетік қызметтің жағдайына талдау жүргізеді;

6)  лауазымға тағайындау және босату кезінде материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың жеке істерін жүргізу;

7) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біліктілігін арттыру мен қайта даярлауын, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті ұйымдастырады;

8) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді;

9) әкімдік пен әкім шығаратын актілерге тіркеу жүргізеді, оларға нөмір береді;

10) әкімдіктің және әкімнің, консультативтік кеңесші органдарының актілерін тиісті ресімделіп таралуын қамтамасыз етеді;

11) құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту, іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтау және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жолымен жүзеге асырады;

12) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастырады;

13) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;

14) аудан әкімдігінің жанындағы консультативті-кеңесші органдарының қызметін қамтамасыз етеді;

15) прогрессті және діни жандандыру негізінде қоғамды біріктіру мақсатында қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет етеді;

16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапсына ішкі бақылау жүргізеді;

17) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке тұлғалар туралы мемлекеттік базасына тіркеу туралы мәліметтер енгізеді

18) туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырады;

19) терроризмнің прфилактикасы және аудан аумағында терроризмге қарсы комиссиясы арқылы терроризм салдарын азайту (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

20) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына сондай-ақ аудан аумағында олардың салдарын азайту (немесе) жоюына қатысады;

21) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауылдық округтардың әкімдеріне тапсырма беруге;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерде атқаруға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) сұратады және алады;

3) тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-әрекет жасайды;

4) соттарда, тиісті аумақты басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауды, «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.

19. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда және азаматтармен өзара қарым-қатынаста «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді;

2) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

3) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережені бекітеді, қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

5) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын жүзеге асырады;

7) аудан әкімінің кадрлар саясатын іске асыруын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

8) аппараттың қызметкерлеріне міндетті орындауы үшін нұсқамалар береді;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жұмыстарға дербес жауапты болады;

10) әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды;

11) «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы атқарады.

20. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

 

4. Мемлекеттiк органның мүлкi 

21. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

хат жіберу