Блог статистикасы
184
Blog
2449
Апелляциялық
96432
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Негізгі функциялары

Аппараттың негізгі функциялары

аппараттың жұмысын, әкімдік отырысын өткізуді, отырыстар , семинарлар мен басқа да іс-шараларын өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығын және өткізуін ұйымдастырады;
әкімдіктің қаулыларының жобаларын және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
әкімдік, аудан әкіміне қаулыларға, шешімдерге және өкімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жою туралы және төмен тұрған әкімдердің заңсыз актілерін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын  бақылауды жүзеге асыру;
аудан әкімдігінің, әкімінің және әкім аппаратының мүліктік және өзге де құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдары арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу;
әкімнің және әкімдіктің актілерін заңнамаға сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу;
әкімдіктің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерін жариялауды жүзеге асырады;
заңнамаларды сақтамау, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шара қолдану;
аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты жергілікті басқару органдарының қызметкерлерін кәсіптік дайындығы деңгейін, кадрлар саясаты мен мемлекетік қызметтің жағдайына талдау жүргізеді;
лауазымға тағайындау және босату кезінде материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың жеке істерін жүргізу;
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін даярлау және қайта даярлауын ұйымдастырады;
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді;
әкімдік пен әкім шығаратын актілерге тіркеу жүргізеді, оларға нөмір береді;
әкімдіктің және әкімнің, консультативтік кеңесші органдарының актілерін тиісті ресімделіп таралуын қамтамасыз етеді;
құжатандыру ережесіне сәйкес аудан әкімінің апаратында іс жүргізуді ұйымдастырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік құжаттарды қарайды;
жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастырады;
мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
жұмыстың стилін және әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологиялар ендіру жұмысын жүргізеді;
аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
аудан әкімдігінің жанындағы консультативті-кеңесші органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

хат жіберу
E-mail